Алматыда "омикрон" штаммына байланысты локдаун енгізілуі мүмкін бе
Сурет: Zakon.kz
Бұл сауалға Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте локдаунды енгізу мәселесін биліктің әлі талқыламағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда Өңірлік коммуникациялық орталықта өткен брифингте журналистер Бекшинге "омикрон" штаммы салдарынан қалада локдаун енгізілуі мүмкін бе деген сұрақ қойды.
Бізде "омикрон" штаммын жұқтырудың бір де бір жағдайы тіркелген жоқ, сондықтан бұл мәселе әлі талқыланбаған. Локдаун енгізуге ешқандай негіз жоқ, өйткені біз "жасыл" аймақта тұрмыз. Бірақ егер аурудың өсімі күрт жоғарылайтын болса және біз "қызыл" аймаққа өтсек, онда әңгіме басқаша болады. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript