Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада мал қырылып жатыр

Жанайқай, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2021 22:54 Сурет: Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Ірі-қараның  жаппай қырылу себебі әлі белгісіз. Дегенмен мамандар бұл жұқпалы ауру емес деп болжайды

Қала іргесіндегі Талдыарал ауылының тұрғындары дабыл қағуда. Төрт түліктің арам қатуына малға екпенің кеш салынуы және дәрігердің жауапсыздығы себеп екені айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мал ветеринарлар екпені уақытылы  салмайтын көрінеді. Және ауырған түлікке ем-шара жасамайды. Соның салдарынан жұрт "қалған малымыздан да айрылып қаламыз ба" деп  алаңдайды, делінген Астана телеарнасының ақпаратында.

Звондаймыз, келмейді. Ауырған кезде зорға шақыртып алдық, жабыла звондап. Сол кезде вакцина салып кетті.  Содан кейін 3 күн өткен соң өліп қалды. Мал шаруашылығы ғой, сатсаң ақша болады. Есептесем – 200 мыңның малы, анау 150 мыңның малы ғой, екі бас есептеп отырғанымда. Қызылорда облысының тұрғыны Жұмабек Аймағамбетов

Мамандар ауылдағы төрт түлікке екпе уақытылы салынды дейді. Ал қырылған мал дерекқор базасына енбегендіктен осындай жағдай болғанын  айтады. Тізімге енбеген ірі-қараға екпе егілмейтін көрінеді. Сондықтан маман ауыл тұрғындарына малын  өз атына тіркеу үшін өтінім қалдыруға кеңес береді. Сонда ғана мемлекеттен бөлінетін екпеге ілініп, жоспар бойынша уақытында бақылауға алынатынын айтты. Ал ірі-қараның  жаппай қырылу себебі әлі белгісіз. Дегенмен мамандар бұл жұқпалы ауру емес деп болжап отыр.

Оған біз вакцина жоспарлай алмаймыз. Біз дерекқор базасында қанша бас бар соған вакцина жоспарлаймыз жылдың басында. Сондай жағдайлар бар. Көбісі өз малдарын дерекқорға өтініш беріп енгізуі тиіс. Бірдейлендіру жұмыстары ол мемлекеттік қызмет көрсетуге жатады. Сол себепті тұрғындардың өзі өтініштерін беруі тиіс.Қызылорда қалалық Ветеринарлық стансасының директоры Нұрлан Төлегенов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: