Жаңалықтар тізбегі
0

«Вечерний Almaty» газетінің мерейтойына орай БАҚ өкілдері арасында бильярдтан турнир өтті

"Алматы ақшамы", бильярд, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2021 13:15 Cурет: Almaty-akshamy.kz
Алматыда «Вечерний Almaty» газетінің 85 жылдық, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай республикалық бұқаралық ақпарат құралдары арасында бильярдтан турнир өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы ақшамы газеті байқауға түрлі телеарналардың, мерзімді басылымдар мен ақпараттық агенттіктердің 32 өкілі қатысқанын жазды. Бұл күні корреспонденттер, репортерлер, редакторлар, операторлар – бір сөзбен айтқанда, барлық  қалам иелері мен  таспагерлер микрофон мен диктофонын бильярд тастаяғына алмастырды. Турнир шымылдығы мемлекеттік Әнұранмен ашылып, турнир демеушілері мен ардагер журналистер қатысушыларға бата-тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі.

 Жарыс бірнеше турдан тұрды. Кіл мықтының ішінен ең мықтыны анықтау оңайға соққан жоқ. Қатысушылардың қарқыны финалға дейін бәсеңдемеді.

Сегіз сағатқа созылған тартысты додада «Еуразия» бірінші арнасының шеф-редакторы Меймеш Үмбетәлі топ жарып, 1-орынды иеленді.

2-орын «Alatay Aqparat» медиа-холдингі бас директорының орынбасары Нұржан Шынтаевқа бұйырды.

Үздік үштікті «Алматы» телеарнасының операторы Мұратбек Алмасхан толықтырды.

Турнир соңында жеңімпаздарға «Вечерний Almaty» және «Almaty aqshamy» газеттерінің атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Айта кетерлік жайт, «Вечерний Almaty» газетінің алғашқы саны 1936 жылы 28 сәуірде жарық көрді. Қазір оның таралымы 36 мың дананы құрайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: