Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында төзімі таусылған жүргізуші келіншек жолдың шұңқырын өзі жамады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2021 10:34 Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде Талғар – Бәйтерек тас жолындағы үлкен жыртықты жамаған жүргізуші келіншектің видеосы қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz
Көлігінің жүк салғышынан қапты көтеріп алып шыққан келіншек ондағы материалды аямай жолға төгіп, жыртықты өз бетімен жамайды. Жүргізушілер қауымы бұған дән риза. Әкімшіліктен де біреу бұл видеоны көрсе керек, ұялғандарынан сол күні ол жыртықты асфальттап тастапты,деп жазады instavideo_kaz-да жарияланған видеоның авторы

Бұл топтың оқырмандары жүргізуші келіншектің бастамасын қолдап, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің жұмысына өз наразылықтарын білдірді:

– Біздің әкімдіктегілер қайда қарап отыр? Шынында да, өз аумағына қарасты барлық ұйымдарға құм септіріп тастатуға болмайды ма, егер жұмысын дұрыс істемесе, айыппұл салсын. Сол қиын ба? Айнала көктайғақ. ПИК-тар қайда қарайды? Аулаларда жүру мүмкін емес.

– Оралдағы Шолохов көшесіндегі бағдаршам маңында дәл осындай шұңқыр бар. Барып, көміп тастағың келеді, сөйту керек-ау деймін.

– Дұрыс. Тек әйел адам ғана бірнеше рет өткен соң, мұны жөндеу керек деп ойлайды, ал ер адамдар бұрқыратып өте береді көлігі бүлінгеніне қарамастан, тек жол салатындарды ары кетсе бір балағаттайтын шығар...

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: