Ауа райының нашарлауына байланысты сегіз өңірде ескерту жарияланды
Метеорологтардың мәліметінше, 23 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын болады деп күтіледі. Облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағандыда көктайғақ, боран болады.
Жезқазғанда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында боран соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Оралда түнде боран соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с құрайды.
Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойысқан жел түнде шығыста, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Нұр-Сұлтанда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. "Қазгидромет" РМК
Көкшетауда көктайғақ болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылордада көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстіктен шығысқа ойысқан желдің екпіні облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с құрайды.
Ақтауда көктайғақ болады. Солтүстіктен шығысқа қарай жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Алматы облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Алакөл маңында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде боран соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбеде боран болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, тау бөктерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.