Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да 200-ден астам адам құжатсыз жүр

ШҚО паспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2021 12:14 Сурет: Zakon.kz
Көші-қон қызметінің қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжатсыз тұратын, сондай-ақ 1974 жылғы КСРО паспорттарын уақытылы алмастырмаған адамдарды анықтау бойынша атқарылған жұмыстың есебін берді, деп хабарлайды Zакon.kz

Көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері жеке басты куәландыратын құжатсыз жүрген 200-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылған.

Өскемен қаласының полиция басқармасына Атырау облысы Гурьев қаласының тумасы, 69 жастағы әйел жүгінді. Ол 1953 жылы ата-анасымен Өскемен қаласына көшіп келген. Өскемен қаласындағы орта мектепті бітіріп, тұрмысқа шығып, балалы болған. Алайда бүгінгі күнге дейін 40 жылдан астам уақыт бойы әйел 1974 жылғы төлқұжатымен өмір сүріп келген. ШҚО ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта ол баспанасыз жүрген және балалармен байланысын жоғалтқан. Көші-қон қызметіне жүгінген соң, қызметкерлер жеке куәлікті алу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетті. 23 қарашада әйел көптен күткен құжатты алды және жасына байланысты зейнетақы рәсімдей алады.

Осыған байланысты қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаты жоқ азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігін ресімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуге кеңес береміз.ШҚО ПД баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: