Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 15 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүр

Жұмыс күші Сурет: pixabay
2021 жылғы 1 желтоқсандағы ақпарат бойынша 15 527 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Zakon.kz
Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 643 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 210 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 748 адам және 735 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 134 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 2 057 адам тартылған.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 261 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 460 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 784 адам, Ұлыбритания – 1 996 адам, Түркия – 1 985 адам, Үндістан – 1 182 адам, Өзбекстан – 1 138 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: