Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген шетелдіктердің көбісі - қытайлар

ҚР ЕХӘҚМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2021 17:56 ҚР ЕХӘҚМ
15 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 15 443 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек етіп жүр, деп хабарлайды zakon.kz.

ЕХӘҚМ мәліметінше, шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар:

бірінші санат – 650 (басшылар және олардың орынбасарлары),

екінші санат – 3 246 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).

Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 511 адам және 488 адам.

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 723 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 825 адам тартылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 718 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 478 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ін құрайды.

Еңбекші мигранттар келген негізгі елдер мынадай: Қытай – 3 656 адам, Өзбекстан – 1 741 адам, Түркия – 1 588 адам, Үндістан – 1 090 адам, Ұлыбритания – 930 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-і немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: