Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда рұқсатпен 15 мыңнан астам шетелдік еңбек етуде

enbek.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 16:05 enbek.gov.kz
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 782 жұмыс беруші бар.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 15 668 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 667 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 260 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 592 адам және 517 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 825 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 807 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 782 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 483 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 689 адам, Өзбекстан – 1 887 адам, Түркия – 1 679 адам, Үндістан – 1 090 адам, Ұлыбритания – 959 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: