28 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады
Қазақстан Республикасының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны өтетіндіктен, қар жауып, боран соғады, жел күшейеді. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, еліміздің оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. "Қазгидромет" РМК
Қостанай облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, орталықта, облыстың оңтүстігінде бұрқасын, ал облыстың солтүстігінде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-ке дейін жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады, Алакөл көлдері аумағында желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ке жетеді.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке жетеді.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын болады, ал батысында жел 18 м/с-ке дейін күшейеді.
Қарағанды облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында, солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.