Елімізде 5 қаңтардан бастап «омикрон» штаммға байланысты шектеулер енгізілуі мүмкін
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев үкімет отырысында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша профилактикалық шаралар енгізу жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі
Жандос Бүркітбаев эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі – әлемде "омикрон" штамм нұсқасының таралу қарқынының жоғары екенін айтты.
30 қарашадағы жағдай бойынша "омикрон" штамм 16 елде, ал бүгінде әлемнің 110 елінде анықталды. Вирустың таралу деңгейі жоғары – 1:5 және қайта жұқтыру қаупі жоғары. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев
Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше айдың ішінде бүкіл әлемге тарайды.
Сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес орталықтарына, йога орталықтарына, караоке, бассейндерге, сауналарға, ванналарға, банктерге, «Қазпочта» АҚ филиалдарына, халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша профилактикалық шараларды енгізу ұсынылады: ASHYQ мобильді қосымшасы бойынша «жасыл» мәртебесі бар тұлғаларға ғана. Бұл норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынамыз. Жандос Бүркітбаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript