2022 жылы кәрі қыздар тұрмысқа шығады
Сандардың сиқырын түсінетін Құралай Бақытқызының пайымынша, келер жыл еліміз үшін берекелі болмақ. Себебі, барыс жылы алты санымен бірге кірмек.
Сонымен қатар, 2022 жылы халық әлемді шаршатқан ауруды ұмытып, дәулеті артады. "Еуразия" бірінші арнасының тілшісі мұндай болжамды нумерологтар мен экстрасенстер айтып жатқанын тілге тиек етті.
Жыл енді Қытай нумерологиясы бойынша су барысы, 6 саны келе жатыр. Көк-қара түспен қарсы алған дұрыс. Жаңа жылда қызғылтым, қызыл түстермен қарсы алуға кеңес беремін. Алтыншы планета – Венера. Венера – махаббат планетасы, сондықтан бойдақ адамдарға тұрмысқа шығуға осы жыл сәтті болады.Нумеролог Құралай Бақытқызы
Танымал экстрасенс Бақыт Жұматова "2022 жылы әлем пандемияның құрығынан құтылып, мамыражай күндерге қайта оралады, тоқшылық заман болады" деп топшылауда. Оның айтуынша, барыс жылы өз бақытын таппай жүрген жандар үшін де сәтті жыл болмақ. Оң жақта отырып қалған қыз-келіншектер ақ босаға аттап, сәбилі болатынын айтты.
Алдағы жылы халық оянып, тұрмысы тұрақталады. Жалпы әлем жұртын шаршатқан коронавирусқа назар аудармайды. Сонымен қатар, мен бэби буммен қатар, үйлену тойларын көріп тұрмын. Экстрасенс Бақыт Жұматова
Ал сюицай маманы созылмалы аурулары бар адамдарды сақ болуға шақырды.
Әр жылдың өзінің қиындықтары болғаны белгілі. Ал Жаңа жыл мерекесі сәттілік пен армандар орындалатын уақыт. Десе де, созылмалы дерті бар жандар сақ болғаны дұрыс.
Сюицай маманы Замира Сүлейменова
Нумерологтар мен астрологтардың қисынына жүгініп, арифметикаға салсақ – алты саны береке-бірлік, үнемділіктің белгісі. Барыс жылында халықтың берекесі артып, пандемия кезінде тұралап қалған тұрмысы жақсара түспек.
Оқи отырыңыз