Аляскада қыста күн жылып кетті
Сурет: pixabay
АҚШ-тың Аляска штатында тарихта болмаған жағдай орын алды. Желтоқсанның соңғы күнінде Кодьяк аралында температура рекордтық 19,4 градусқа дейін көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz
BBC -дің мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш алдыңғы максимумнан бірден 7 градусқа көтерілген.
Ал штаттың басқа жерлерінде, керісінше, рекордтық төмен температура байқалды. Атап айтқанда, Кетчикан қаласында 25 желтоқсанда температура -18 C дейін түскен.
Мамандар мұны Гавайи аралдарының жылы ауа ағынымен түсіндіреді. Әдетте желтоқсанда суық және құрғақ-ылғалды келетін аралда күннің жылынуынан қатты жаңбыр жауып, мұз қатқан. Соның салдарынан электр қуатын өшіруге және жолдарды жабуға тура келіпті.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым 2020 жылдың маусымында Арктикада +38 градустық рекордтық көрсеткіш тіркеген еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript