Аяз ата мен Ақшақар Алматыдағы балалар колониясына да бас сұқты

Балалар колониясы, сыйлық, жаңа жыл , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2021 16:14 Сурет: Zakon.kz
Алматыда балалар колониясына Аяз ата мен Ақшақар келді, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz хабарлағандай, Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/6 түзеу мекемесінде жазаларын өтеп жүрген жасөспірімдерге жаңа жыл қарсаңында Қамқоршылық кеңестің, “Реванш” қоғамдық қорының өкілдері мен “Әлеуметтік жобалардың халықаралық ассоциациясының” өкілі Масаты Қасымжанова келіп, балаларға естен кетпес қуаныш сыйлап, сыйлықтар тарту етті.

Жасөспірімдерді ерекше шаттыққа бөлеген Аяз ата мен Ақшақардың “Мерекелік микс” концерттік шоу бағдарламасы болды. Аяз ата мен Ақшақардың ортасында түрлі ойындар ойнап, өз өнерлерін ортаға салған жасөспірімдерге қор тарапынан тәтті бәлішке толы мерекелік дастархан жайылып, сыйлыққа әдеби кітаптар тарту етілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: