Жаңалықтар тізбегі
0

ҚазТрансГаз-дың атауы "QazaqGaz" деп өзгерді

ҚазТрансГаз, ребрендинг, "QazaqGaz", сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2021 17:03 Сурет: «QazaqGaz» ҰК
"ҚазТрансГаз" ҰК» АҚ атауы үкіметтің шешімімен "QazaqGaz" деп өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстан Республикасының Үкіметі газ саласын дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Министрлер кабинеті бекіткен жоспар тармақтарының бірі «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ атауы мен логотипін «QazaqGaz» ұлттық газ компаниясы етіп өзгерту болды.

Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, ребрендинг тек компанияның атауы мен логотипін өзгертуге ғана қатысты емес, ол ішкі бизнес-процестерді трансформациялау және жаңа ұлттық газ компаниясының брендін сырттай қабылдау жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. 

Қазақстанда газ саласына деген көзқарас ұзақ уақыт бойы қалдық принципі бойынша бағаланып келді. Мұнайға деген жоғары баға кезінде мемлекет, инвесторлар «қара алтынмен» жұмыс істеуді жөн көрді, сұйық көмірсутектерді өндіруді ұлғайту құралы ретінде ілеспе газды қолдана отырып, мұнай кен орындарын өңдеді.

Соңғы уақытта әлемдік масштабта газдың рөлі айтарлықтай өсті. Табиғи газ, басқа көмірсутекті шикізат арасында, жаңартылатын энергия көздері дамыған сайын төмен көміртекті экономикаға көшуді қамтамасыз ете отырып, дәстүрлі отын түрлерін көбірек алмастырып отыр.

«ҚазТрансГаз», рембрендинг, QazaqGaz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2021 17:03

Сурет: "QazaqGaz" ҰК

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы бүкіл отандық газ саласын дамытудың жаңа кезеңін бастамақ. Кешенді жоспардың алда іске асырылуына байланысты, компанияның стратегиясы ішкі және халықаралық нарықтардағы жаңа ұстанымдарды да қамтиды.

Логотиптің негізгі мазмұны – алаулап аспанға өрлеген спираль - динамикалық қозғалыс пен екпінді дамуды білдіреді. Логотиптің негізі ретінде бейнеленген жалын тілі – Күн символы, үйге жылулық пен жайлылық әкелетін от-жалын – ата-бабаларымыз наным-сеніміндегі тазару белгісі. Қасиетті нышан ретінде отқа деген көзқарас ежелгі заманнан бері түркі халықтарының салт-дәстүрлерінде болған. Осы жанған алауды білдіретін компанияның фирмалық белгісінде көгілдір және жасыл реңктердің болуы табиғи газдың экологиялылығын білдіреді, бұл бүгінгі әлемдік тренд.

Жаңа бренд компанияның уақыт сынынан өткен барлық басымдықтарын, атап айтқанда эволюциялық дамуды, ауқымды істерді, тұрақтылық пен сенімділікті білдіреді.  

Компания «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басты ұстанымының бірі – газ саласының бай тарихын ешқашан ұмытпайтыны, ғасырдан астам тарихы бар мұнай-газ саласында жинақталған үздік тәжірибелерді ұтымды пайдаланатынын жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: