БҚО-да карантин шаралары қатаңдатылады
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңір аумағында қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізіледі.
Атап айтқанда, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, еске алу іс-шаралары, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және Ashyq жобасына 30 адамға дейін қатысатын объектілерде ас беру шарасын қоспағанда, ашық ауада да, адамдар көп жиналатын үй-жайларда да өзге іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға қатаң тыйым салынады;
Ashyq жобасына қатысуына қарамастан мына нысандардың жұмысына тыйым салынады:
концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың;
діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және т.б.) өткізуіне;
конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;
түнгі клубтардың қызметіне;
бар сипатындағы қоғамдық тамақтану орындарына, ән айту және би билеу қызметтерін ұсынатын, мысалы караоке қызметіне (қоғамдық тамақтану орындарын қоспағанда).
Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарында бір үстелдег адам саны 4 адамға дейін, сондай-ақ кинотеатрлар (Ashyq жобасына қатысушылар) сыйымдылығы 30% деңгейінде көрермендер қабылдау алады.
қоғамдық орындарда және ашық ауада, халықтың демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық автокөлікте медициналық немесе мата бетпердені тағу, бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану орындарында, сондай-ақ ашық ауада 5 (бес) адамнан аспайтын топ болып спортпен шұғылдануда әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті болып табылады.
600-ге дейін оқушысы бар облыс орталықтарының, аудан орталықтарының мектептерінде білім беруге рұқсат етіледі ( штаттық режимде оқыту).
Білім алушылар саны 600-ден асатын мектептерде қашықтықтан оқыту форматы енгізіледі, ал ауылдық мектептерде оқыту штаттық форматта жүргізіледі.
Атап айтқанда, 1-2 сыныптар – оқытудың штаттық форматы, 3-5 сыныптар үшін кезекші сыныптар (қашықтықтан оқыту форматы бар жерде) ұйымдастырылады.
Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінде оқытудың аралас форматы енгізіледі: барлық дәрістер онлайн, икемді кесте бойынша: тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар штаттық режимде жүргізіледі.
Вакцина алған оқушылар мен толық вакциналау курсын аяқтаған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі.
Қосымша білім беру ұйымдарында оқыту: жеке сабақтар штаттық режимде, топтық сабақтар – 10 адамға дейін, балалар/ересектер үшін түзету орталықтарында – жеке және топтық сабақтар 10 адамға дейін штаттық режимде жүргізіледі.
Білім беру орындары қызметкерлерінің кемінде 70% -ы, вакцина алғаны немесе қайта вакциналаудан өткеніне қарамастан қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылады.
Толығырақ мына жерден көре аласыздар.
Құжат 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.