"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басшысы қызметінен кетті
Сурет: gov.kz
27 қаңтарда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz
2022 жылы 27 қаңтарда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы қызметінен кеттім», – деп жазды ол Facebook-те.
Болат Төкежанов бұл қызметке 2020 жылдың 12 шілдесінде тағайындалған еді.
Осыған орай ол Facebook әлеуметтік желісі арқылы "басқа мемлекеттік органдардағы әріптестерге, медицина қызметкерлеріне, денсаулық сақтау менеджерлеріне, сала мамандарына және ынтымақтастық қағидаттарын қолдайтын, болашағына сенетін медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың барлығына" алғысын білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript