Жаңалықтар тізбегі
0

ӘМСҚ 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді

ӘМСҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2019 21:43 ӘМСҚ
Спикер - Бибігүл Мырзабекова, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ жоспарлау және бюджеттеу департаментінің директоры.

Өткен аптада Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді.

2020 жылы бюджетті жоспарлау тәсілдері түбегейлі өзгертілетін болады. Үдерістің барлық тараптары емделушілерді емдеу үшін қанша қаражат қажет екенін түсінуі үшін облыстық денсаулық сақтау басқармаларының және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының басшылары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бюджетке қатысты келісім жүргізуде.

- Қазір аймақтық денсаулық сақтау басқармалары қаражат игеру жағын айқындап, келесі жылдың қалай жоспарланатынын түсінуі үшін біз оларды өз бюджеттерін келісуге шақырдық. Медициналық қызметтер көлемін жоспарлау тәсілдері емханаларға, ауруханаларға және диспансерлерге жеткізілетін болады. Қазір ТМККК және МӘМС пакеттерінің бюджеттерін есептеу жұмыстары жүруде. Алдын ала бюджетті біз Дүниежүзілік Банктің консультанттары ұсынған тәсілдер бойынша санадық, - деді МСҚ жоспарлау және бюджеттеу департаментінің директоры Бибігүл Мырзабекова.

Оның айтуынша, алдын ала есептелген бюджетті өңірлер зерделеп, қазіргі таңда аймақтарда бар клиникалардың қуатымен, желісімен және шығындармен сәйкестендіруі үшін өңірлерге тыңдау жұмыстарына дейін жіберілді.

- Қазір өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының жетекшілері қаражаттың тұтас өңірге қаншалықты жеткілікті екенін тағы бір келісу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келді. Мүмкін келер жылы көрсетілетін медициналық қызметтің көлемін арттыратын желіні кеңейту, жаңа нысандар, ауруханалар мен емханалар ашу жоспарланып отырған болар. Бұл келісу рәсімі. Егер бір жерде дұрыс есеп болмаса, онда бұл мәселені қайта қарауды ұсынамыз, - деп атап өтті ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: