Қазақстанда паспорт рәсімдеу құны 24 504 теңге болды
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіштің 3 мың 063 теңгеге артуына байланысты, көші-қон саласындағы мемлекеттік қызмет алуға төленетін мемлекеттік баж құны да өзгерген:
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, жол жүру құжаты – 24 мың 504 теңге (8 АЕК);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты – 612 теңге 60 тиын (0,2 АЕК);
"Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" – 3 мың 063 теңге (1 АЕК);
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" – 12 мың 252 теңге (4 АЕК);
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" – 1 мың 531 теңге 50 тиын (0,5АЕК);
"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" – 3 мың 063 теңге (1 АЕК);
"Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" – 6 мың 126 теңге (2 АЕК әр айға).