Жаңалықтар тізбегі
0

Ауа райы болжамы: Ақпан жылы болады

Ауа райы болжамы, ақпан, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2022 14:51 Сурет: pixabay
Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде, бұған Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуы әсер етеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Еліміздің шығысында Таймыр мен Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның ықпал етуіне байланысты ауа температурасы климаттық норма шамасында болады.

Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, ал Қазақстанның батысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтардың таулы және тау бөктерлі өңірлерінде нормадан көп болжанады.

Бірінші онкүндіктің басында Сібір антициклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы аязды және көбінесе аз жауын-шашынды болады, ал республиканың батысында Батыс және Оңтүстік циклондардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, тұман және көктайғақ күтіледі. Содан кейін циклонның солтүстік-шығыс бағытқа ауысуынан республиканың қалған аумағында да жауын-шашынды және желді ауа райы күтіледі.

Ақпанның бірінші онкүндігінің бірінші жартысында ҚР оңтүстігі мен батысында күндізгі ауа температурасы жоғарылайды.

Онкүндіктің соңында республиканың шығысында температура фоны түнде -18-23°С-тан -12-17°С-қа дейін, солтүстік-шығыста -28-33°С-тан -20°С-қа дейін, күндіз -10-15°С-тан -5-10°С-қа дейін жоғарылайды.

Екінші және үшінші онкүндіктерде ауыспалы барикалық түзілімдермен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, еліміздің солтүстік-батыс жартысы мен батысында бұрқасын, оңтүстігінде жекелеген күндері шаңды дауыл күтіледі.

Жекелеген күндері Шығыс Сібір аудандарынан келетін суық антициклонның әсерінен температуралық фон төмендейді деп күтіледі:

  • батыста және солтүстік-батыста түнде -12-22°С-қа дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін;

  • солтүстік жартысында түнде -20-35°С-қа дейін, күндіз -13-18°С-қа дейін;

  • оңтүстік жартысында түнде -8-15°С-қа дейін, күндіз -5+3°С-қа дейін.

Жекелеген күндері Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты температуралық фон жоғарылайды деп болжанады:

  • батыста түнде -5+1°С-қа дейін, күндіз +2+8°С-қа дейін;

  • солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -3-15°С-қа дейін, күндіз -6+3°С-қа дейін;

  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста түнде -5+5°С дейін, күндіз +5+12°С дейін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: