Жаңалықтар тізбегі
0

Шағын шаруашылықтарға мемлекеттік қолдауды күшейту керек – Сенатор Нұралиев

Малшаруашылығын  дамыту, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2022 12:08 Сурет: pixabay
Сенатор Әбдәлі Нұралиев еліміздің Премьер-министрі атына жолдаған депутаттық сауалында шаруалардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған шараларды атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Депутаттың айтуынша, фермерлерді тұқымдармен және жеммен қамтамасыз ету, шаруалар үшін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді азайту, қосалқы шаруашылықтарды жүргізуге микрокредиттер беру және оларды кооперацияға ынталандыру қажет.

Өткен жылы қалыптасқан жағдай ауылшаруашылығы саласының технологиялық тұрғыдан артта қалуын, техникалық жарақтандырудың төмен деңгейін, шаруашылық жүргізудің экстенсивті әдістерінің басымдылығын көрсетті, соның нәтижесінде сала қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге төтеп бере алмайтындығын байқатты.

Сенатор елімізде мал азығы зоотехникалық нормалардан 2 есе аз өндірілетінін, ал қосалқы және ұсақ шаруа қожалықтары мемлекеттік қолдаудан айырылғанын атап өтті.

Қазіргі таңда еліміздегі 1,6 мыңнан астам қосалқы шаруашылықтарда 3,5 миллионнан астам табыс деңгейі төмен азаматтар жұмыс істейді. Олар жылына орта есеппен 2,5 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, еліміздің азық-түлік қорын толықтыруда елеулі үлестерін қосып келеді. Өкінішке орай, қосалқы шаруашылықтар өндірген өнімдердің пайдасын ортада жүрген делдалдар көріп келеді. Ал майда қожалықтарды мемлекеттік қолдау мүлдем жоқ деп айтуға болады.Сенатор Әбдәлі Нұралиев

Осы мәселелерді шешу үшін сенатор егіс алқаптарының құрылымын әртараптандырумен және жемшөп, жарма, бұршақ және майлы дақылдар алқаптарын кеңейтумен айналысатын шаруашылықтарды белсенді қолдауды ұсынды. Кооперацияны, оның ішінде қосалқы және ұсақ шаруашылықтарды ынталандыру да маңызды.

Агросектор субъектілеріне бөлінетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді 2-3%-ға дейін төмендету, қосалқы шаруашылықтар үшін көлемі 1-2 млн теңге болатын микрокредиттер спектрін кеңейту, шаруашылық науқаны кезінде мемлекеттік қаражатты жылдам алу мүмкіндігін қарастыру, нақты алынған өнімге немесе қайта өңдеуге өткізілген көлемге байланысты субсидияларды бөлу бойынша нақты шаралар көзделуі тиіс. Сенатор Әбдәлі Нұралиев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: