Оралда есірткі зертханасы жойылды

Есірткі зертханасын тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2022 11:57 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында қаладағы жеке үйлердің бірінде екі азамат каннабистік топтың есірткі құралдарын заңсыз өсіргені және сақтағаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Орал қаласында «гидропоника» әдісімен марихуананы өсіру бойынша есірткі зертханасының ұйымдастырушыларын ұстады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында қаладағы жеке үйлердің бірінде екі азамат каннабистік топтың есірткі құралдарын заңсыз өсіргені және сақтағаны анықталды.

Заңсыз айналымнан 17 кг марихуана, 100 түп қарасора мен зертханалық жабдық, сондай-ақ кесілген тегіс ұңғылы мылтық пен травматикалық тапанша тәркіленді.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-да тіркелді. Сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: