Жауын, тұман, көктайғақ. 8-10 ақпанға арналған ауа райы

Тұман, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 15:22 Сурет: pixabay
Синоптиктердің болжауынша, 8-10 ақпанда ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстан аумағының басым бөлігінде Екатеринбург аудандарынан және онымен байланысты атмосфералық фронттардан келетін циклонның ықпалы болады. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын, тұман, көктайғақ, күшті жел күтіледі.

10 ақпанға қарай Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібірдің аудандарынан антициклон келеді. Салдарынан жауын-шашын тоқтап, температура төмендеуі мүмкін.

Солтүстік өңірлерде түнде 15-28 градусқа дейін аяз болады.

Орталық өңірлерде 15-25 градус, Қазақстанның шығысында 15-30 градус аяз болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: