Қосшыда сот құрылып, судьялар тағайындалды

Қосшыда сот құрылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2022 10:29 Сурет: Pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Қосшы қаласында сот құру жөнінде жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

«Ақмола облысы Қосшы қаласының соты құрылсын», - делінген құжатта.

Қосшы сотының судьялары да тағайындалды:

Мерзадинова Динараны осы облыстың Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен босатумен; Халмурзаев Мұрат осы облыстың Бұланды аудандық сотының судьясы қызметінен босатылумен.

2021 жылдың 27 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласынан үш шақырым жерде орналасқан Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала атанып, Ақмола облысының Целиноград ауданының құрамынан шығарылды. Қосшы тұрғындарының саны бүгінде 50 мыңнан асады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: