«Қазақстан халқына» қорының көмегіне кімдер және қалай жүгіне алады
Қор сайтында Қордан бірінші кезекте көмек алатын халықтың тізімі жарияланды:
ауыр, сирек кездесетін аурулары мен мүгедектігі бар балалар;
қиын жағдайдағы балалар;
жетімдер;
болашақта аурулар мен мүгедектіктің даму қаупі бар нәрестелер;
өмір сүру жағдайлары ең төменгі табыс пен тұрғын үй стандарттарына сәйкес келмей, өміріне қауіп төнетін балалары бар отбасылар;
Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау немесе адамдардың өмірін құтқару кезінде қаза тапқан немесе ауыр жарақат алған құқық қорғау органдары, арнайы органдар, ҰҚК қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасылары;
сирек кездесетін аурулары бар ересектер;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккендер.
Сондай-ақ қор сайтында тізім мұнымен шектелмейтіндігі және мұқтаждардың жаңа санаттарымен толықтырылуы мүмкін екені ескертілген.
Қордың көмегіне жүгіну үшін өтінімді қалай беруге болады?
Бірініші жолы:
Өтінімді цифрлық портал арқылы беруге болады.
Өтініш беру үшін ЭЦҚ арқылы жүйеге кіріп, көмек алу қажеттілігін растайтын құжаттардың сканерленген нұсқасын тіркей отырып, өтініш толтыру қажет.
Өтінішті жібергеннен кейін оның қаралған-қаралмағанын портал арқылы тексеріп отыруға болады.
Өтініш берудің екінші жолы:
Егер сізде ЭЦҚ немесе компьютер болмаса немесе порталда қалай өтініш беру керектігін түсінбесеңіз, порталдың +7 776 333 77 66 байланыс орталығына қоңырау шалып, өтініш қабылдайтын қайырымдылық ұйымдарының (сіз тұратын қаладағы немесе жақын маңдағы) телефон нөмірлерін білуге болады. Осы ұйымдарға қоңырау шалып, өтінімге қоса қандай құжаттарды тапсыру керектігін анықтап, өтініш беруге көмектесуін сұраңыз. Барлық құжаттарды жинап, кеңсесіне барыңыз.
Жиналған құжаттар қор бөлімшесіне жіберіледі, өтініш сол жақта қаралады. Қаржыландыру көлемі анықталғаннан кейін өтінім Сараптамалық комиссияның қарауына беріледі.
Сараптамалық комиссия мақұлдаса, өтінім қаржыландырылады. Қор сізге қажет тауарларды немесе қызметтерді сатып алып беру түрінде көмектеседі.