"Қазақстан халқына" қорының жаңа басшысы тағайындалды

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрайымы лауазымына қоғам қайраткері, қайырымдылық және Қазақстандағы ҮЕҰ-ның институционалдық дамуы мен әлеуметтік жобаларды басқару саласындағы сарапшы Лаззат Шыңғысбаева сайланды., сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 12:21 Сурет: Instagram/qazaqstanhalqyna.kz
2025 жылдың 31 қаңтарында "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басшысы ауысқаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қордың Instagram желісіндегі парақшасында хабарланғандай, "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Лаззат Шыңғысбаева "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басқарма төрайымы болып сайланды.

Ол бұған дейін "Қазақстан халқына" қоры Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік награда – "Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Атамекен" ҰКП құрметті қызметкері" медалімен марапатталған.

Сондай-ақ, Қамқоршылық кеңес қор қызметкерлері София Айсағалиеваны Басқарма төрағасының орынбасары, Серікбек Елшібековті "Қазақстан халқына" ҚҚ Басқарма мүшесі етіп сайлады.

Басшылықтың ауысқанына қарамастан, Қор жұмысын қалыпты тәртіпте жалғастырады. Қордың Қамқоршылық кеңесінің пікірінше, басшылықтың ауысуы – бұл жаңа тарау, ол қайырымдылық қызметті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерді ашады.

Бұған дейін "Қазақстан халқы" қоғамдық қорын үш жыл басқарған Болат Жәмішевтің қызметінен кеткені белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: