Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қорының басшысы қызметінен кетті

Басқарма Төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев Қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдады. Басшылық жасаған кезінде Болат Жәмішев Қордың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты.
Қордың қайырымдылық жобалары денсаулық сақтау жүйесін дамытудың, ауылдағы білім беру мен елдегі әлеуметтік қолдаудың, жаңа стандарттарды белгілеудің және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын түбегейлі өзгертудің драйверіне айналды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев,Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, "Қазақстан халқына" Қорының жұмысын жоғары бағалады.
"Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілікті іс болды. Қор қызметінде біздің бастамаларымызды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Біз бірігіп айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және Қордың жаңа басшылықпен өз дамуын жалғастыра беретініне сенімім мол. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын", – деп, Болат Жәмішев өз шешіміне түсінік берді.
Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Жәмішев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қордың жұмысы мен алдағы кезеңдегі міндеттері туралы хабардар етті.
Еске салайық, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу мақсатында мемлекет басшысының тапсырмасымен "Қазақстан халық" қоғамдық әлеуметтік қоры құрылған болатын. Бұл 2022 жылдың 14 қаңтарында болды.