Боран, көктайғақ. Төрт өңірге байланысты дауылды ескерту жарияланды

Дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2022 19:36 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, 10 ақпанда Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райы қолайсыз болады деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында және Қарағандыда тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай жел ойыса ұйытқиды. Облыстың батысы, солтүстігі, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні 18 м/с құрайды.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында және Қызылордада тұман түседі деп күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-батысында төмен бұрқасын болады, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбеде күндіз боран соғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: