Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық төтеншеліктер көктайғаққа байланысты кеңестерімен бөлісті

Кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 19:38 Сурет: pixabay
Алматы қаласының ТЖД Қазгидромет РМК 12-13 ақпанда қалада тұман, көктайғақ болатынын ескерткенін еске сала отырып, өз кеңестерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы тауларында 12 ақпанда қатты қар жауып, арасында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 17-22 метр жылдамдықпен ұйытқиды. ТЖД көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жолдарда өте сақ және мұқият болуды сұрайды.

Құлап қалуды болдырмас үшін көктайғақ кезінде мынандай ережелерді жадыда ұстаған жөн:

  • қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуі күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;

  • көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;

  • абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т.б. алаңдамаңыз.;

  • әрқашан алдыңызда аяқтың астына қараңыз;

  • аяқ-киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ-киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;

  • қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;

  • есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі адамдар жиі жарақат алып құлайтын жерлер болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: