Төтеншеліктер алматылықтарға көктайғаққа байланысты ескерту жасады
17-18 қарашада Алматы қаласында ауа райы бұзылады. Синоптиктер тұман түсіп, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп болжап отыр , деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласында 17, 18 қараша күндері ауа райының бұзылуына байланысты Алматы қаласының ТЖД жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуға кеңес береді, – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
Көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:
• Қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізу күрт нашарлайды, жүргізуші көлікті бақылай алмай қалуы мүмкін, сондықтан жолдан асықпай өту керек.
• Көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда кесіп өту керек;
• Абай болыңыз, әсіресе жолдан өткен кезде, сыртқы заттарға алаңдамаңыз;
• Әрқашан аяқ астына қараңыз;
• Аяқ-киімді дұрыс таңдаңыз. Аяқ-киімнің кедір-бұдырлы өрнегі бар, тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табаны болуы тиіс;
• Қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, себебі мұзда тепе-теңдікті сақтауыңыз керек;
• Тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре беріс, тіпті өз үйіңіздің кіреберісі - адамдар жиі құлайтын орны. Сондықтан бұл ретте де абай болыңыз.