Астана мен 8 облыста дабылды ескерту жарияланды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2018 16:00 24.kz
Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады деп болжап отыр.

Қазақстанның басым аумағында бейсенбі, 22 қараша күні жауын-шашын түседі, тек батыста күн ашық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

22 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді.

23-24 қарашада кей жерлерде бұрқасындатып, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші –15-20, екпіні – 25 м/с.

Астана қаласында 22 қарашада тұман түсіп, көктайғақ болады, 23-24 қарашада бұрқасындатады деп болжануда. Таңертең және күндіз 22 м/с, 23-24 қарашада 15-20 м/с жылдамдықпен тәулік бойы жел соғады.

24 қарашада Қызылорда, Жамбыл облыстарында, күндіз 24 қарашада Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде мол жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с, екпіні – 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с жоғары болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: