Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2017 22:30 Baq.kz
Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады.

«Қазгидромет» РМК бірнеше облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 29 желтоқсанда кей жерлерде қар, бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Сонымен қатар, ертең Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты Алматы облысының таулы аймақтарында және Талас Алатау жотасында (Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында) 29 желтоқсанда қар көшкіні жүреді деп болжануда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: