14 ақпан – кітап сыйлау күні: Сотталғандар қандай кітаптар оқиды
СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов Солтүстік Қазақстан облысында мекемедегі сотталғандардың кітап оқуға деген қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді.
Соңғы жылдары сотталғандар арасында кітап оқу қарқын алып келеді. 2020 жылы сотталғандардың 53%-ы кітап оқуға қызығушылық танытса, 2021 жылы бұл көрсеткіш бірден 19%-ға өсті. Әйелдер көбінесе детективтер мен махаббат романдарын, ерлер детективтерді, тарих және психология бойынша кітаптарды ұнатады. СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов
Оның Солтүстік Қазақстан облысының 5 мекемесінің кітапханаларында барлығы 29 384 кітап бар екен.
Соңғы бірнеше жылда сотталған әйелдер арасында танымал әдебиет рейтингісінің алдыңғы қатарында Лев Толстойдың "Анна Каренина", Исай Калашниковтың "Жестокий век", Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" және "Мысли разных лет" шығармалары тұр. Федор Достоевскийдің "Өлі үйден шыққан жазбалары" әңгімесін сотталғандардың көпшілігі қызыға оқитын көрінеді.
"Өлі үйден шыққан жазбалар" – сотталғандар арасында танымал роман, кітаптың бүкіл сюжеті, бас кейіпкердің психологиялық көзқарасы сотталғандар тап болған жағдайды еске салады. Бұл еңбекте бәрі өмірден алынған секілді... Романда зиялы қауымнан шыққан дворянның әйелін қызғаныштан өлтіргенін суреттейді. Бас кейіпкер Омбы түрмесінде жазаны өтеудің он жылы туралы айтады, бірінші күннен бастап жіберу кезеңінен бастап бостандыққа шығуға және өлімге дейін.СҚО бойынша ҚАЖД сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Жанна Шакиржанова.
Кітапта сотталғандардың тұрмысы мен еңбегін ұйымдастыру, сотталғандар арасындағы күрделі адами қарым-қатынастар, тұтқындардың ерекше иерархиясы, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда адам болып қалу қабілеті туралы баяндалады. Сотталғандар шығарманың қазіргі заманмен ұқсастығын іздеуге дағдыланған.
Дарья СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотталған.
Қазір Дарья тігін цехында жұмыс істейді және әдеби клубтың белсенді қатысушысы. Ол Лев Толстойдың "Анна Каренинасын" құныға оқып шығыпты.
Бұл кітап мені Аннаның өмірінің тереңдігімен, оның қоғамның пікірімен күресуімен, шындыққа, шынайылыққа, қарым-қатынастағы адалдыққа деген ұмтылысымен қызықтырды. Роман махаббаттың күші, алыстағы балаларға қамқорлық жасау туралы ойлануға мәжбүр етеді. Менің де балаларым алыста, оларды сағынамын. Достоевскийдің "Өлі үйден шыққан жазбалары" мені де бей-жай қалдырмады. Бұл шығарманы төртінші рет оқып шықтым. Әр оқыған сайын бұған дейін мән бермеген қырлары ашылып жатыр. Бас кейіпкер екеуміздің бас бостандығынан айыру мерзіміміз бірдей. Басты кейіпкерден өзімді танитындаймын. Мен онымен әр сәтті бірге бастан өткеремін. Кітаптың әрбір жолы, әрбір беті менің жүрегімен ертеңгі күнге деген сенімді ұялатады. Мен босатылғаннан кейінгі жарқын болашағыма сенемін. "Білім – күш" деп бекер айтылмаған. Енді мен бәріне мүлдем басқа көзбен қараймын, енді менің көзім ашық.Дарья
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандар тек кітап оқып қана қоймай, кітап жазады. Әйелдер колониясында сотталушы Татьяна "Қателік бағасы" кітабының авторыү Жинаққа оның 40-тан астам шығармалары енген.