Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайда дәстүрлі шамдар мерекесі тойланып жатыр

Ерекше мейрам, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 15:13 Сурет: pixabay
Қытайда дәстүрлі шамдар мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл шара Жаңа жыл мейрамының аяқталуын білдіреді, деп хабарлайды Zakon.kz

Хабар 24 телеарнасының мәліметінше, шамдар мерекесі – біздің дәуірімізге дейін қалыптасқан дәстүр. Әдетте бұл күні туыстар бас қосып, бірге тойлайды.

Ал қазір шаһар тұрғындарын коммуналдық қызметтер біріктіреді. Қала аудандары тұратын әкімшілік бірліктер – көше комитеттері деп аталады. Әрқайсысында тұрғындар үшін арнайы орталық ашылған.

Мұнда істейтін волонтёрлер түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырады. Мысалы, юаньсо деп аталатын үзбе кеспе дайындайды. Бұл осы мерекенің дәстүрлі тағамы.

Сондай-ақ дәстүрлі шамдар, гүлшоқтар мен желпуіштерді жасау бойынша шеберлік дәрістері өткізіледі. Оған негізінен жасы үлкен және мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады.

Ал оларды зейнетке шыққан мамандар оқытады. Жұрт Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиаданы да ұмытқан жоқ.

Балалар осы ойынның рәмізі Бин Дуньдунь пандасын жасайды. Оған қоса егде жастағы адамдарды жаңа технологияларға үйретеді.

Маған өте ұнады. Жасымыз жеткен біздер телефондағы кей нәрселерді біле бермейміз. Волонтёрлер бізге көмектесіп жатыр. Мейрамның басты нышандары – қызыл шамдар мен бәліштер. Ал арнайы орталықтарда өткізілетін іс-шаралар халықтың осал топтарына мейрамды толыққанды тойлауға мүмкіндік береді. Ли Сюэмэй, Бейжің қаласының тұрғыны
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: