Қар бұрқасындатып, тұман түседі. Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 19:52 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер боран соғып, тұман түсетінін болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде бұрқасын болады деп болжайды. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде ол облыстың оңтүстігіне, одан кейін шығысына ойысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде оның екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Оралда тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы аудандарда 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, сондай-ақ Ақтауда көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында соққан желдің екпіні 15 м/с жетеді.

Ақтөбеде түнде және таңертең тұман түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: