Тұман, боран. Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 11 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсіп, күндіз өңірдің батысында төмен бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста, облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) түседі, солтүстікте, өңірдің орталығында тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойысқан жел таңертең және күндіз өңірдің солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде және орталығында боран ұйытқып, өңірдің шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойысқан желдің екпіні өңірдің солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с жетеді. Ақтөбеде түнде боран соғады.
11 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында боран соғады, 12 ақпанда өңірдің басым бөлігінде қар жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, 11 ақпанда күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, 12 ақпанда да 15-20 м/с күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында, батысында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. 11 ақпанда күндіз, 12 ақпанда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.