Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің сегіз өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2022 19:12 Сурет: pixabay
5 ақпанда Қазақстанның сегіз өңірінде тұман түсіп, жел екпіні күшейіп, боран тұрады деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аймақтары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен күшейеді, кей жерлерде күндіз 23 м/с-ға жетеді.

Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерде 25 м/с-ға жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігі, облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылордада тұман түсуі ықтимал. Күндіз оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойысқан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында және орталығында бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің оңтүстік-батысында және облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Сонымен қатар, Алматы облысында тұман түсуі мүмкін. 6 ақпанда көктайғақтың болуы болжанады.

Талдықорғанда түнде және таңертең метеорологтар тұман түседі деп болжайды.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел ұйтқиды, күндіз облыстың батысында екпіні 17-22 м/с жетеді.

Ақтауда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с жетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, сондай-ақ Атырау қаласында тұман түседі деп күтіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: