Жаңалықтар тізбегі
0

Абайлаңыз, алаяқ: СҚО-да екі адам алаяққа миллиондап ақша аударған

Кибер алаяқ, телефон, алаяқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2022 17:16 Сурет: pixabay
СҚО-ның екі тұрғыны желідегі алаяққа сеніп, 5 миллион теңгесінен айырылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция басқармасының қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Полицейлердің мәлімдеуінше, алаяқтардың интернет арқылы жасайтын қулықтарының ең қауіптісі – «банктің қауіпсіздік қызметінің қоңырауы». Желілік аферистер алаяқтықтың дәл осы түрімен адамдарды көп шығынға батырады екен.

Петропавл қаласы полиция басқармасының екінші полиция бөліміне қылмыскердің шоттан 2 миллионнан астам қаражат шешіп алғаны туралы шағым түскен.

Жәбірленушіге өзін банк қызметкерімін деп таныстырған белгісіз адам қоңырау шалып, шотыңыздан біреу ақша шешіп алмақшы болып жатыр деген әдеттегі «аңызды» айтқан. Жұмысқа берілген ер адам тұтқаның арғы жағындағы алаяқ екенін аңғармастан, sms-хабарламамен келген кодты айтып берген. Ол депозитте жинаған ақшасынан айырылғанын кейін түсінген.

Жәбірленушінің айтуынша, ол интернет-алаяқтықтың қаупі туралы білген, алайда сол уақытта жұмыстан қолы босамай, мән-жайды анықтамаған.Екінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықов

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, кей жағдайларда интернет-алаяқтықтан хабары бар адамдардың өздері алаяқтардың арбауына түсіп қалады екен. Өйткені олар психологиялық қысым көрсету әдістерін жақсы меңгеріп алған.

Бірнеше күннен кейін аталған полиция басқармасында тағы осындай факті тіркелген: жәбірленуші әйел адам киберқылмыскерлердің қаупі туралы жақсы білсе де, ұсынылған шотқа 3 миллионнан астам ақшасын аударған.

Тәртіп сақшылары «банк қауіпсіздік қызметінің қоңырауы» – алаяқтардың айласы екенін естен шығармауды айтады. Қандай жағдай болмаса да, жеке мәліметтеріңізді: нөмірлеріңізді, пин-кодтарды, банк карталарының cvv-кодтарын, sms-хабарламмен келетін бір реттік кодты ешкімге сеніп, айтпаңыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: