СҚО-да полицейлер алаяққа алданған зейнеткердің қаражатын сақтап қалды

СҚО-да полицейлер алаяққа алданған зейнеткердің қаражатын сақтап қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2025 15:26 Сурет: polisia.kz
СҚО-да полицейлер алаяққа алданған зейнеткердің қаражатын сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл оқиғаға қырағы қала тұрғыны себепші болған. Банкоматқа кезекте тұрған ол алдындағы егде жастағы әйелдің тұрысына көңіл аударады. Ол ақша сомаларын енгізіп, белгісіз біреудің телефон арқылы нұсқауы бойынша оларды әр түрлі шотқа аударған. Әйел ескертуге құлақ аспаған, қырағы қала тұрғыны полицияны шақырған.

Шұғыл жеткен қызметкерлер жәбірленушіні Петропавл қ. ПБ жеткізіп, оған алдаудың құрығына іліккенін айтқан.

Белгілі болғандай, 73 жастағы зейнеткерге белгісіз біреулер қоңырау шалып, “электр энергиясына шотты тексеруге "Е-salyq" қосымшасына кіру үшін sms келген құпия сөзді айту қажеттігін айтқан. Келесі қоңырау "қаржылық бақылау маманы" атынан келген. Ол әйел адамға оның атына біреу несие ресімдеп жатыр және одан “сақтану үшін” несиеге алынған ақша мен қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударған жөн деген. Жәбірленуші алаяқтардың нұсқауы бойынша 3 миллион теңгені жіберіп үлгерген. Қалған 2 миллион теңгені қамқорлық танытқан қала тұрғыны мен жедел әрекет еткен полицейлердің арқасында сақтап қалу мүмкін болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: