Павлодарда полиция қызметкері зейнеткердің 1,5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды

Пожилые люди, пожилой человек, пожилой, пожилая, пожилые, пенсионеры, пенсионер, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2026 12:03 Фото: Zakon.kz
Павлодарда полиция қызметкері алаяқтық әрекеттің алдын алып, зейнеткердің 1,5 млн теңге көлеміндегі қаражатын сақтап қалды.

Қаланың сауда орталықтарының бірінде зейнет жасындағы әйел банкомат арқылы ақша аударуға әрекет жасаған. Осы сәтте сол жерде болған Павлодар қаласы полиция басқармасының оңтүстік полиция бөлімінің ақпараттандыру және байланыс басқармасының технигі Сауле Сакиянова зейнеткердің әрекетіне назар аударған.

Әйелдің бейтаныс адамдардың нұсқауымен сөйлесіп, әрекет етіп тұрғаны күдік тудырған. Алаяқтық схемасын болжаған полиция қызметкері азаматшаға оның алдануы мүмкін екенін түсіндіруге тырысқан.

Психологиялық қысымның әсерінен зейнеткер алғашында байланысқа бірден шықпағанымен, тәртіп сақшысы оны жалғыз қалдырмай, ақша аударуды тоқтатуға ықпал етіп, бірден "102" арнасына хабарлаған.

Оқиға орнына келген полицейлер белгісіз тұлғалардың зейнеткерге қоңырау шалып, терминал арқылы шамамен 1,5 млн теңге көлеміндегі қаражатты иемденуге тырысқанын анықтады.

Әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, кең таралған алаяқтық тәсілдері түсіндірілді. Сауле Сакиянованың қырағылығының арқасында заңға қайшы әрекеттер дер кезінде тоқтатылып, материалдық шығынға жол берілмеді.

Полиция ескертеді: – "Банк қызметкері" немесе "оператор" атынан қоңырау шалғандардың айтуымен қаржылық операциялар жасамаңыз. – Банктер мен мемлекеттік органдар ешқашан қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударуды талап етпейді. – Күдік туындаған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: