Бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов қамауға алынды
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.
2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов Мұрат Кәрібайұлына қызметіндегі әрекетсіздік фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
2022 жылдың 20 ақпанында Бектанов М.Қ. осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript