Жаңалықтар тізбегі
0

22.02.2022. Сиқырлы датада шаңырақ көтеруге бел буған жұп қанша

неке, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 19:06 Сурет: Zakon.kz
«Бақыт» күні – 2022 жылдың 22 ақпанында Қазақстанда жалпы 1 648 неке тіркелген. Оның ішінде қазақстандықтар Egov.kz арқылы некені тіркеуге 779 өтініш берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Әділет министрлігінің ақпараты бойынша, бүгін 22.02.2022 жылы 1 648 неке тіркелген. Өткен 22.02.2021 жылы тіркелген некелер саны – 1325.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараты бойынша, бүгін Egov.kz порталымен некені онлайн тіркеуге келіп түскен өтініштер саны – 779. Оның ішінде 129 Нұр-Сұлтан қаласында. Бұл орташа көрсеткіштен бірнеше есе көп. 2022 жылдың басынан бері барлығы – 23 394 өтінім келіп түскен.«ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі

Ақпарат үшін: Тіркелген некелер мен Egov.kz порталы бойынша берілген өтінімдер санында айырмашылықтар болуы мүмкін. Себебі азаматтар өтінімдерді онлайннан бөлек оффлайн АХАТ органдарында да бере алады.

Мысалы, Алматы қаласындағы Алмалы ауданының АХАТ бөлімінде бүгін 31 неке тіркелген. Бірақ куәлікті салтанатты табыстау рәсімі болмапты.

АХАТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 19:06

Сурет: Zakon.kz

Бүгін бізде 31 неке тіркелді. Бәрі келіп куәліктерін алып кетті. Салтанатты табыстау залында арнайы рәсім бүгінге болмады.АХАТ бөлімінің бас маманы Назым Жанаева

22 ақпан күні Алматыдағы Орталық неке сарайында ешқандай жұп некесін қидырмаған. Қызметкерлердің айтуынша, тек жексенбі, 21 ақпанда екі жұп некесін қиды. Мұндағы қызметкерлер адамдардың бүгінгідей ерекше датада неке қидырмауын пандемиямен және суық мезгілмен байланыстырып отыр.

неке сарайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 19:06

Сурет: Zakon.kz

Неке сарайының айналасында тек бір жұпты байқап қалдық. Олар ақ көйлек пен костюмсіз-ақ куәліктерімен фотоға түсіп жатты. Күйеужігіт Мерхаттың айтуынша, ол қалыңдығымен 22.02.2022 датасында неке туралы куәлігін алуды арнайы жоспарлапты. Себебі 23 ақпан – Мерхаттың туған күні.

неке, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 19:06

Сурет: Zakon.kz

22.02.2022 әдемі дата ғой. Неліктен әдемі датада неке куәлігін алып, сосын оны келесі күні болатын туған күніммен жалғастырып тойламасқа деп ойладым. Орталықтағы таныстарым арқылы куәлікті дәл бүгін алуды жоспарлап қойдық. Қуаныштымыз.Қала тұрғыны Мерхат

Алматылық тағы бір жұп Жұлдызай мен Арман 22 ақпан күні неке қиюды арнайы таңдаған. Олар неке куәліктерін дәл бүгін алу үшін 21 қаңтарда өтініш берген. Тура бір ай өткенде, яғни бүгінгі 22.02.2022 деген датада неке куәліктерін алып отыр.

Жұлдызай мен Арман, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 19:06

Сурет: Zakon.kz

22.02.2022 – әдемі дата. Сонымен қатар қарағанда көзге де жағымды көрінеді, тез жатталады. Тағы бір ерекшелігі – бұл күн енді 10 жылдан соң ғана келеді. Біз дәл осы күнді жұбайымызбен арнайы таңдап алдық.Алматы тұрғыны Жұлдызай

неке, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 19:06

Сурет: Zakon.kz

22.02.2022 – бұл 180 жылда бір мәрте келетін ерекше күн. Бұл күнді алты екілік күні деп те атайды. Сандардың тіркесі екі жақта бірдей оқылады.

Астрологтар 2022 жылдың 22 ақпанын маңызды күн деп белгіледі. Өйткені онда бірнеше екілік жасырылған. Сонымен қатар айдың 22-күніне келеді. Эзотерикалық сарапшылар мұндай күні үйлену тойын жасауға, қозғалуға немесе өмірдегі түбегейлі өзгерістерге бағытталған кез келген әрекеттерді орындауға болатынын айтады.

Егер сіз позитив болсаңыз және әлемге қуатты энергия ағынын жіберсеңіз, жақын арада сізде лайық серіктесті кездестіру немесе мансаптық өсуге қол жеткізу мүмкіндігі болады.Астрологтар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: