Жаңалықтар тізбегі
0

Утиль алымның жаңа мөлшерлемесі қашаннан бастап қолданысқа енгізіледі

Утилизациялық алым, ескі көліктер, ҚР Экология министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2022 12:43 Сурет: pixabay
23 ақпанда көліктер мен ауылшаруашылық техникаларына утилизациялық алым мөлшерлемесі 50%-ға төмендейтіні белгілі болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа тарифтер қашан бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі
Дедлайн – 1 мамыр. Бірақ бұл максимум, мұны бұдан да жылдамырақ жасай алатын шығармыз. Бәлкім, сәуірдің ортасында немесе тіпті басында. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев

ҚР Экология министрлігіне қарасты Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Мансұр Ошырбаевтың айтуынша, барлық тиісті іс жүргізу нормаларын сақтау қажет. Ол үшін алдымен, утилизациялық төлемді есептеу әдістемесі бұйрығына өзгертулер енгізу керек.

Бұл жұмыс кешеден бері қолға алынды. Нақты күнін айта алмаймын. Дегенмен, мәселе өте өткір және оны тез арада шешу керек екенін бәрі түсінеді. Менің ойымша, мемлекеттік органдар тарапынан және бірқатар сараптамалар, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ғылыми сараптамадан біз барлық қорытындыларды, мүдделі мемлекеттік органдардың барлық мақұлдауларын аламыз. Осыдан кейін Әділет министрлігіне тіркеуге береміз. Яғни, жақын арада бұл тарифтер бекітіледі деп сенемін. Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Мансұр Ошырбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: