Жаңалықтар тізбегі
0

Сыртқы істер министрлігі Украинада қанша қазақстандық бар екенін айтты

Укранидағы Қазақстан азаматтары, Ресей, Киевтегі ҚР елшілігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2022 15:18 Сурет: unsplash
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазір Украинада жүрген қазақстандықтардың санын жариялады. Бірақ сандар өзгеруі мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта уақытша консулдық есепте 517 адам тұр (елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер, бизнес өкілдері). Сондай-ақ тұрақты консулдық есепте 1113 адам бар.

Бірақ сандар өзгеруі мүмкін. Қазір көшкісі келетіндер туралы ақпарат жиналуда, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, Украина аумағында болып жатқан жағдайға байланысты Киевтегі Қазақстан Республикасының елшілігі қазақстандықтарды эвакуациялауды қамтамасыз етеді.

Украинада жүрген Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының елшілігіне мына мекен жай бойынша хабарласа алады: Киев қ., Ильенко көшесі, 26-үй.

Сенім телефондары: +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: