Көктемнің алғашқы күнінде ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» синоптиктерінің хабарлауынша, фронтальды учаскелердің әсерінен облыстың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерін тұман басып, жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде найзағай болуы мүмкін. Батыста және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында бұрқасын соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жел күшейеді.
Павлодар облысында түнде және таңертең солтүстігінде, облыс орталығында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде баяу бұрқасын. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 м күшейеді.
Ақмола облысының батысын, оңтүстігін, солтүстік жартысын тұман басады. Желдің екпіні секундына 15-20 м күшейеді.
Түркістанның таулы аймақтарында, күндіз Алматы облысының шығысында желдің екпіні секундына 15-20 м күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аймақтарда желдің ықпалы секундына 15-20 м күшеюі мүмкін.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, ал солтүстігінде тұман болады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, Маңғыстау облысының орталығында, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.