Жаңалықтар тізбегі
0

12 наурызға арналған ауа райы болжамы

қыс, қар, көлік, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2022 18:18 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұрынғыдай Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады. Сонымен жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Тек солтүстік-шығыста ғана суық антициклонның әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.«Қазгидромет» РМК

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, батысында баяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман болады.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-25 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында 18 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман болады. Түнде батыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман болады. Күндіз батыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ, күндіз шығыста 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында баяу бұрқасын, тұман болады. Солтүстігі мен батысында 15-20 м/с жел соғады.

Қарағанды ​​облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстікте аздаған бұрқасын, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с, күшейіп, түнде солтүстікте тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, орталықта тұман болуы мүмкін.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батысында, таулы аймақтарда жел 15-25 м/с күшейеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: