Қазақстанда ауыр жүк көліктеріне жолға шығуға уақытша тыйым салынды

жол, шектеу, жүк көлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2022 16:20 Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол төсемін сақтау мақсатында ауыр жүк көліктері үшін уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктерге шектеу енгізілді.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Осылайша, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жолдарында қозғалыс шектеледі.

Ведомство өкілдері 23 наурыздан 1 мамырға дейін — Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қозғалысқа шектеу енгізілетінін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: