Жаңалықтар тізбегі
0

Арыста ауыр жүк көліктеріне рейд жүргізілді

Арайлым Тастемір, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2020 16:02 Арайлым Тастемір
Рейдтік шара кезінде жалпы саны 16 аса ауыр жүк тасымалдаушы жүк көліктері тоқтатылды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыстық көліктік бақылау инспекцияның көшпелі бақылау бекетімен бірлесіп, "Сапалы жол - Адалдық алаңы" жобасы аясында Арыс қаласында облыстық маңызы бар (Ордабасы, Арыс, Шардара,Сарағаш) тас жолының Арыс қаласы елді мекенінде ауыр жүк көліктерінің ішкі тәртібіне заң аясында рейдтік жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жүргізілген кешенді мониторингтік жұмыстардың негізгі мақсаты - ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату және жаңадан төселген тегіс жолдардың бұзылмауына жол бермеу.

Жүргізілген рейдтік жұмыстарына "Түркістан - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджері Д.Ғаниұлы, облыстық көліктік бақылау инспекцияның бөлім басшысы Б.Бауыржанұлы, "Арыс-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Н. Еркебаев, Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар басқармасының бас маманы А. Сейтмұхамет, МКК "Оңтүстік жолдары" өңдірістік бөлімінің бас маманы М.Алиев және облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері қатысты.

Рейдтік шара кезінде жалпы саны 16 аса ауыр жүк тасымалдаушы жүк көліктері тоқтатылып, артылған жүк пен тиесілі құжатының сәйкес болуы және заңмен бекітілген шамадан аспау керектігі жөнінде мамандар тарапынан жүк тасымалдаушыларға арнайы кеңес берілді.

Бақылау барысында жүк көліктерін арнайы таразыға салу арқылы жүктің салмағын бақылауға алып, нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарға әкімшілік 3 хаттама толтырылып, құны 127890 (жүз жиырма жеті мың сегіз жүз тоқсан) теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетсек, "Түркістан – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмыс жоспарына сәйкес, ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату және жаңадан төселген тегіс жолдардың бұзылуына жол бермеу мақсатында осы уақытқа дейін Түркістан облысы аумағында Түлкібас, Сайрам, Қазығұрт аудандарына рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу және жол жүру ережесін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жалғасын табатын болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2020 16:02

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2020 16:02

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: