Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар қақтығысы: полицейлер 288 миллион теңгеге ұрланған мүлікті тәркіледі

мүлік тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2022 16:07 Сурет: Zakon.kz
Жалпы тәртіпсіздіктер кезінде 1502 кәсіпкерлік нысанға шабуыл жасалды. Еліміздің полицейлері 288 миллион теңгеден астам ұрланған мүлікті тәркіледі. Бұл туралы брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мсәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлердің жұмысы бірінші кезекте зардап шеккен азаматтарға, бизнес өкілдеріне көмек көрсетуге және келтірілген шығынды өтеу шараларын қабылдауға бағытталғанын ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің ұрланған мүлкін анықтау және алу жұмыстары жалғасуда. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тәртіпсіздіктер кезінде барлығы 1502 кәсіпкерлік нысанға шабуыл жасалды, оның ішінде 1360 сауда нысандары мен дүкендер, 36 банк кеңселері мен көше банкоматтары, 31 қоғамдық тамақтандыру нысаны, 26 ломбард, 21 жанармай құю бекеті, 12 қару-жарақ дүкені, 12 түрлі компаниялардың кеңселері, 6 базар, төрт айырбастау пункті, үш дәріхана, бір автосалон және басқа да кәсіпкерлік нысандары бүлінді.

Оның айтуынша, бүгінде ел полицейлері ұрланған 288 миллион теңгеден астам мүлікті анықтап, тәркілеген.

Тергеу департаментінің басшысы келтірілген зиянның орнын толтыру жұмыстары жалғасатынын және жұмыстың ең басым бағыты болып қала беретініне сендірді.

Қылмыстық істер бойынша барлығы 1,5 мыңнан астам жеке және заңды тұлғалар жәбірленуші деп танылып, 12 мыңнан астам азаматтан куәгер және жәбірленуші ретінде жауап алынды. 2200 сот-медициналық сараптама тағайындалды. Санжар Әділов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: