Жаңалықтар тізбегі
0

Халықаралық жүк тасымалындағы қазіргі жағдай бақылауда – ҚР ИИДМ

Ресей, Украина, Қазақстан, жүк тасымалы, Еуроодақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 09:49 Сурет: pixabay
ҚР ИИДМ Антверпен, Гамбург, Пириней, Роттердам және Мугга транзиттік порттары қабылдаудан бас тартқан, Ресей кемелерімен жүктерді тасымалдау кезінде туындаған проблеманы шешу үшін шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропалық одақ елдері мен Ресей Федерациясы арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалдары бойынша проблемалар туындап отыр. Оның ішінде жекеленген қазақстандықтар әлеуметтік желілерде көтерген мәселелер де бар.

Қазіргі уақытта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚТЖ» АҚ-мен бірлесіп, Антверпен, Гамбург, Пириней, Роттердам және Мугга транзиттік порттары қабылдаудан бас тартқан, Ресей кемелерімен Санкт-Петербург және Новороссийск қалаларының порттары арқылы жүктерді тасымалдау кезінде туындаған проблемаларды шешу үшін шаралар қабылдап жатыр. Атап айтқанда, ҚР ИИДМ Ресей аумағында орналасқан жүктерді Латвияның Рига және Вэнстпилс порттарына қайта бағдарлау мүмкіндігін пысықтап жатыр. Осы мәселе бойынша Латвияның Көлік министрлігімен және теңіз порттары әкімшіліктерімен кеңес өткізу жоспарлануда.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері отандық экспорттаушыларға балама ретінде Ақтау және Құрық порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) пайдалану ұсынылғанын айтты.

Бүгінгі тағда аталған бағытпен Ақтау және Баку порттары арасында тұрақты контейнерлік қатынас пен Құрық – Баку паромдық қатынасы жолға қойылған.

Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ТХКБ-нің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Бакуде Әзербайжан, Грузия және Түркияның құзырлы органдарымен және көлік ұйымдарымен кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

ҚР ИИДМ Мәскеуде «ҚТЖ» АҚ қазақстандық жүктерді тасымалдау логистикасы мәселелері бойынша Ресей темір жолдарымен келіссөздер жүргізіп жатқанын баса айтты.

Сонымен қатар, «ҚТЖ» АҚ жанында теміржол жүктасымалы мәселелері бойынша жедел желі ашылатыны айтылды. Оның ішінде:

  • жүктерді басқа бағытқа жіберуге өтінімдер қабылдау және кеңес беру (межелі станциялардыөзгерту, алғашқы тиеу станциясына қайтару жәнет.б.) бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нан жауапты маман – С. Абжалеев, телефоны: 8 (702) 164-55-39, 60-31-33;

  • «ҚТЖ» АҚ-нан кедендік қызметке байланысты сұрақтар бойынша кеңес беретін қызметкер – Г. Хайрулина телефоны: 60-30-19, 8 (701) 341-32-20.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: